- Барлық ақпарат
Қытайдың ірі ұшқышсыз ұшу аппараттарының логистикалық желісі биік таулы аймақтар бойынша сынақ рейсін аяқтады

16 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 14 қаңтарда камелия, қодас сүт өнімдері және басқа да Сицзан тауарларын тиеген FP-985 «Taurus» бекітілген қанатты ірі ұшқышсыз ұшағы Сицзанның Нинчи қаласынан жолға шықты. Бір жақты бағыты 1100 шақырымнан асатын бұл ұшақ Сычуань өлкесінің Мианьян әуежайына қонады.
Бұл ұшқышсыз ұшу аппараты үстірттер, аралдар және шалғай аудандар сияқты арнайы географиялық орталарға бағытталған. Оның максималды ұшу салмағы 5,7 тонна болса, тиімді коммерциялық жүктемесі 2 тоннадан асады. Ұшу аппараты үстірт, суық, арал, тұманды сияқты экстремалды ортада алыс қашықтықтағы материалдарды тасымалдау және жеткізу мүмкіндігіне ие.
Ұшқышсыз ұшу аппараты стандартты әуежайдың қысқа жолақтарында ұшу-қонуды қолдап қана қоймай, сонымен қатар шағын әуежайларға да бейімделе алады. Құрылғы мұздан қорғану және еріту, найзағайдан қорғау, желге төзімділік сияқты негізгі қасиеттерге ие әрі шарт-жағдай талғамай үздіксіз ұшуға қол жеткізе алады.
people.cn © People's Daily Online



