- Барлық ақпарат
2025 жылы Чжэцзянның Иу қаласының сыртқы саудасы 800 миллиард юаньнан асты

19 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Ханчжоуға қарасты Иу кеденінен алған мәліметіне сәйкес, Иудың сыртқы саудасындағы импорт пен экспорт көлемі 2025 жылы алғаш рет 800 миллиард юаньнан асып, 836,5 миллиардқа жетті. Бұл — рекордтық көрсеткіш. Импорт 105,8 миллиард юаньды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 32,3%-ға өсті.
Иу халықаралық сауда қаласындағы 80 000-ға жуық стендта 2,1 миллионнан астам тауар түрі жиналып, әлемнің 233 елі және аймағымен сауда жасайды. 2025 жылдан бастап Иу (Суси) халықаралық хаб портының өз жұмысын бастауы және Иу жаһандық цифрлық сауда орталығының ресми түрде іске қосылуымен Иудың ашық арналары кеңейді. Ал цифрлық сауда экожүйесі оның дамуын жеделдетіп, шағын көлемді, түрлі ұсақ тауарлардың әлемнің барлық аймақтарына қарқынды сатылуына мүмкіндік берді. 2025 жылы Иудың шекарааралық электрондық-коммерциялық импорт тізімі 100 миллион тапсырыстан асып, рекордтық көрсеткіш орнатты.
people.cn © People's Daily Online



