Қытайдың қар мекеніне келіп, қысқы ертегі әлемін аралаңыз

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 қаңтар

20 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Хэйлунцзян өлкесінің Муданьцзян қаласындағы қар мекені ұлттық орман саябағында температура жиі төмендеп, қар жауып, қыстың ең көркем мезгілі келді. Қалың қар орман құшағындағы ауылды көмкеріп, ертегі әлеміне айналдырды.

Қарлы қала соңғы жылдары бірнеше қызықты халықтық салт-дәстүр жобаларын іске қосып, қолдау нысандары мен қызметтерін жаңартып, толықтырып келеді. Туристердің қауіпсіздігі мен қыстан ләззат алуын қамтамасыз ету үшін, ақылды туризм нұсқаулық жүйесі мен тәулік бойы жұмыс істейтін төтенше жағдайларға жауапты пункттер сақадай сай қызмет етуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото