- Барлық ақпарат
Жылдың жақсы мезгілі: Дахань (Үлкен аяз)
20 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін біз Қытай дәстүрлі күнтізбесіндегі жиырма төрт амалдың «соңғы тарауын» - Үлкен аязды қарсы алдық. Ең қалың киімдеріңізді киіп, бізбен бірге «Қытайдың суық полюсі» аталатын Ішкі Моңғол автономиялық регионының Гэньхэ қаласына сапарлаңыз.
Қытайдағы суық полюс мұнарасына көп турист жиналады. 24 метр биіктіктегі мұнара күнделікті ауа райының температурасын көрсетеді. Тарихи жазбаларға сәйкес, бұл жерде ең төменгі температура -58°C болған. Мұнда ыстық суды төксеңіз, ол сәтте-ақ мұзға айналып, буға ұқсас көрініс тудырады.
Үлкен аяз амалында жердің мұзға оранғанына қарамастан, Гэньхэ өзеніне мұз қатпайды, тұман көтеріліп, бұтақтарға қырау болып қатып, бірегей жағалау суретін жасайды. Аолугуя бұғы тайпасының көркем жерінде бұғылар қарлы орманда тіршілік етеді, күн сәулесі орманға түсіп, туристер рухани тазарып алғандай күй кешеді.
Үлкен аяз амалы ауыл шаруашылығымен де тығыз байланысты. Қытай мақалы былай дейді: «Үлкен аязда үш рет қар жауса, диқандар игілікке кенеледі». Егер бұл амал мезгілінде қар көп жауса, төмен температура зиянкестерді табиғи түрде жояды, ал алдағы жылы егін жақсы болады.

Суықпен күресудің сыры Қытай тағамдарында жасырылған. Суық күні жабысқақ күріштен жасалған тағамды жеу керек, себебі жабысқақ күріш калорияларды тез толтыра алады. Сондай-ақ Қытайдың солтүстігінде суықты айдайтын тәтті тағамдарды жеу дәстүрі бар, бұл бірте-бірте биіктеу дегенді білдіреді. Ал Қытайдың оңтүстігінде тауық сорпасы қайнатылады, бір тостаған тауық сорпасын ішкеннен кейін денедегі суықтың бәрі сейіледі.
Шындығында, бүкіл әлемдегі адамдардың суықпен күресудегі түсініктері бір-бірінен алыс емес. Солтүстік Еуропадағы Скандинавияда, Дания халқы ұзақ қыста «Hygge» (жайлылық) мәдениетін ұстанады. Ұзақ қыста олар ыстық сусындар жасап, дәмді тағамдар жейді, бұл Қытайдың үлкен аязда «тағам арқылы жылу алу» дәстүрімен үндеседі.
Үлкен аяз өте салып, көктем жүгін жинап, жолға дайындалады!
Жүрегіңде жасырынған әлемің,
Үлкен аязда сыналады бәрі оның!
Пікір аймағында алдағы көктемге арналған тілегіңізбен бөлісіңіз!
people.cn © People's Daily Online



