- Барлық ақпарат
Еліміздегі тұтыну тауарларының бөлшек саудасы 2025 жылы 3,7%-ға өсті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 қаңтар

20 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық статистика бюросының 19 қаңтар күні жариялаған деректеріне сәйкес, 2025 жылы еліміздегі тұтыну тауарларының жалпы бөлшек саудасы 50 120,2 миллиард юаньға жетті. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,7%-ға өскен.
Халықтың тұрмыс деңгейі жақсарған сайын, тұрғындардың тұтынуы негізінен тауарларға бағытталудан тауарлар мен қызмет көрсету тұтынуына басымдық беруге ауысуда. 2025 жылы қызмет көрсетудің бөлшек саудасы өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ға жоғарылады. Көрсеткіш тауарлардың бөлшек саудасынан 1,7 пайыздық тармаққа алда. Қызмет көрсету бөлшек саудасының жалпы бөлшек саудадағы үлесі де артып келеді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



