- Барлық ақпарат
Қытай әлемдегі ең ірі электр көліктерін зарядтау желісін құрды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 22 қаңтар

22 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылы 21 қаңтар күні Ұлттық энергетика басқармасы еліміз әлемдегі ең ірі электр көліктерін зарядтау желісін құрғанын, оның 40 миллионнан астам жаңа энергия көліктерінің зарядталуын қанағаттандыра алатынын жариялады.
Деректерге сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін бүкіл ел бойынша зарядтау инфрақұрылымының жалпы саны 20,092 миллионды құраған. Бір қоғамдық зарядтау тірегінің орташа қуаты 46,5 киловаттқа жетіп, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 33%-ға артқан.
Бүкіл ел бойынша тасжол қызмет көрсету аймақтарында барлығы 71 500 зарядтау станциясы салынып, қамту деңгейі 98%-дан асты. Ал зарядтау қондырғылары 19 өлкелік әкімшілік аймақтағы ауыл-қалашықтарды толығымен қамти алады.



(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



