Қытайдың жедел жеткізу көлемі 2025 жылы 198,95 миллиард данаға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 қаңтар

23 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік пошта бюросының мәліметтері бойынша, 2025 жылы пошта саласының жолдау-жеткізу көлемі 216,51 миллиард данаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,8%-ға өскен. Олардың ішінде жедел жеткізу саны 198,95 миллиард данаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 13,6%-ға жоғарылаған. Желтоқсан айында пошта саласының жолдау-жеткізу көлемі 19,77 миллиард дананы құрады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға артқан. Оның ішінде жедел жеткізу көлемі 18,21 миллиард данаға жетіп, өткен жылға қарағанда 2,3%-ға көтерілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото