Иуда әлем чемпионатына қатысты өнімдерге тапсырыс беру күрт өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 26 қаңтар

26 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Мексика мен АҚШ-та өтетін 2026 жылғы FIFA әлем чемпионаты маусым айында басталады. Бұл спорттық іс-шаралар экономиканың үздіксіз өсуіне ықпал ететіні анық. Шағын тауарлардың жаһандық орталығы болып табылатын Чжэцзян өлкесінің Иу қаласында әлем чемпионатына қатысты өнімдер мен тауарлар қарқынды сатылуда.

Әлем чемпионатының басталуына әлі бес айға жуық уақыт болғанымен, өткен жылдың ортасынан бері оған қатысты тапсырыстар белсенді өсіп келеді. Шамамен 300 000 мексикалық команданың жанкүйер жейделері жөнелтілді. Бразилия, Аргентина және Испания сияқты басқа да мықты командаларға қатысты өнімдер де жақсы сатылуда.

Тапсырыстардың күрт өсуі өндірістік қуаттылықты сынайды. Бір футбол өндірісі зауыты ай сайын 100 000-нан астам футбол добын шығаруды және уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету үшін өндіріс процесін оңтайландырып, қосымша жұмыс уақытын көбейтті. Дизайннан бастап өндіріске дейін Иу саудагерлері базар қажетіне жылдам сәйкесу артықшылықтары арқасында бизнес мүмкіндіктерін пайдалануда.

Алдыңғы әлем чемпионаттарына көз жүгіртсек, әрқайсысы Иу нарығына айтарлықтай танымдық пен экспорттық өсім әкелген. Катарда өткен соңғы әлем чемпионаты кезінде «Иуда жасалған» өнімдері әлем чемпионаты тауарлары нарығының шамамен 70%-ын құрады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото