- Барлық ақпарат
Қытай-Еуропа (Чэнду-Чунцин) пойыздарының саны бір жылда 5000-нан асты

26 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 25 қаңтар күні Чунцин қалалық үкіметінің порт және логистика басқармасынан алған мәліметтері бойынша, 2025 жылы Қытай-Еуропа (Чэнду-Чунцин) жүк пойыздарының саны 5000-нан асқан. Сөйтіп, бес жыл қатарынан еліміздегі ең көп Қытай-Еуропа пойыздарын жөнелткен өңір мәртебесін сақтап келеді.
Қытай-Еуропа (Чэнду-Чунцин) пойызы — Қытайдағы Қытай-Еуропа жүк пойыздарын алғашқы өлке мен қаланың ынтымақтасып ашқан бағыты. Чэнду-Чунцин егіз қала экономикалық шеңберінің ұлттық стратегиясын басшылыққа ала отырып, екі қала 2021 жылы бірыңғай брендті Қытай-Еуропа (Чэнду-Чунцин) пойызын құрған болатын.
Соңғы бес жылда Қытай-Еуропа (Чэнду-Чунцин) пойызынан жалпы 26 000-нан астам пойыз жолға шықты. 50-ден астам бағыт Еуразияның 130-дан астам қаласына жетті.
Фото:Синьхуа
people.cn © People's Daily Online



