- Барлық ақпарат
2025 жылы ішкі туристік сапарлар 6,5 миллиардтан асты

27 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 26 қаңтар күні Мәдениет және туризм министрлігінен алған мәліметіне сәйкес, ішкі туристік сапарлардың іріктемелі сауалнамасының статистикасы бойынша 2025 жылы ел іші тұрғындарының туристік сапарлары 6,522 миллиардқа жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 907 миллион сапарға немесе 16,2%-ға өскен. Оның ішінде қала тұрғындары 4,996 миллиард ішкі туристік сапарға шықты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,3%-ға өскен. Ал ауыл тұрғындарының ел ішіндегі сапарлары 1,526 миллиардқа жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,6%-ға артқан.
Ішкі туристік шығындар 2025 жылы 6,3 триллион юаньға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9,5%-ға жоғарылаған. Қала тұрғындары 5,3 триллион юань жұмсап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 7,5%-ға өскен. Ал ауыл тұрғындары 1 триллион юань жұмсаған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,4%-ға өскен.


people.cn © People's Daily Online



