Шыңжаңнан экспресс мақта пойызы жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 қаңтар

27 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қаңтар күні Шыңжаңдағы Ақсу станциясынан Шаньдун өлкесінің Биньчжоу қаласына бет алған 1395 тонна мақта тиелген пойыз жолға шықты. Осылайша бұл Қытайдағы алғашқы экспресс мақта пойызы қатынағанын білдіреді.

Пойыздың жұмыс жылдамдығы сағатына 120 км-ге дейін арттырылды, мақта тасымалдау уақыты шамамен бұрынғы 10-15 күннен 3 күнге дейін қысқарып, бұл мақта тасымалдау процесіндегі логистикалық шығындарды азайтады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото