Қытай Орталық Азия, Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі және Швейцария сынды елдермен еркін сауда ынтымақтастығын дамытуды жалғастырады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 қаңтар

27 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Сауда министрлігінің Шетелдік инвестицияларды басқару департаментінің басшысы Ван Я 26 қаңтар күні өткен баспасөз мәслихатында Қытай 2026 жылы Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесімен, Швейцариямен, Корея Республикасымен, Жаңа Зеландиямен, Тынық мұхиты аралдары елдерімен, Орталық Азиямен және Африка елдерімен еркін сауда ынтымақтастығын дамытуды жалғастыратынын атап өтті. Сонымен қатар ол «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу бастамасына қатысушы елдерді негіз етіп, инвестициялық келісімдер бойынша келіссөздерді жеделдетуді және жоғары деңгейлі инвестициялық келісім дәлізін құруды жалғастыратынын көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото