Милан қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қытай спорт делегациясы ресми түрде құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 қаңтар

27 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Милан қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қытай спорт делегациясы бүгін ресми түрде құрылды. Делегация құрамы 286 мүшемен толықты, оның ішінде 126 спортшы бар. Бұл саңлақтардың 67-сі қысқы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр. Олар 7 үлкен спорт түрінен 15 бөлімше ойын ішіндегі 91 кіші ойын түрі бойынша жарысқа қатысады. Милан олимпиадасы — Қытай делегациясының шетелде өткен ойынның ең көп түрлеріне қатысқан алғашқы спорттық шара.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото