- Барлық ақпарат
Қытай көліктері Еуропада танымал болып келеді

Фото:Синьхуа
28 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Еуропалық автомобиль өндірушілер қауымдастығы (EASA) 27 қаңтарда жариялаған статистикаға сәйкес, BYD компаниясының Еуропа нарығындағы жаңа көліктерін тіркеу 2025 жылы 187 657 данаға жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 268,6%-ға өскенін көрсетеді. Қытайлық автоөндірушілер өнім топтамасының әртүрлілігі мен оңтайлы «сапа-баға» қатынасының арқасында еуропалық тұтынушылардың көңілінен шығуда.
Салалық қауымдастықтың статистикасы ЕО-ны, сондай-ақ Ұлыбританияны, Исландияны, Норвегияны, Швейцарияны және Лихтенштейнді қамтиды. ЕО ішінде BYD компаниясының жаңа көліктерін тіркеу 2025 жылы өткен жылмен салыстырғанда 227,8%-ға өсті, оның нарықтағы үлесі 2024 жылғы 0,4%-дан 1,2%-ға дейін артты.
Деректер сонымен қатар 2025 жылы таза электр көліктерінің ЕО нарығындағы үлесі 17,4%-ын құрағанын көрсетеді, бұл өткен жылғы 13,6%-дан жоғары. Гибридті көліктер нарық үлесінің 34,5%-ын құрады, бұл ЕО тұтынушылары үшін басым таңдау болып қалып отыр. Сонымен қатар бензин мен дизельді көліктердің жиынтық нарық үлесі 2024 жылғы 45,2%-дан 35,5%-ға дейін төмендеген.
people.cn © People's Daily Online



