Майжокунгар, Сицзан: мерекелік тауарлар базарындағы шат күлкі (2)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 ақпан
Майжокунгар, Сицзан: мерекелік тауарлар базарындағы шат күлкі

2 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Мереке жақындағалы қарлы үстірт күн шуағына шомылып тұр. Көктем мерекесі мен Тибет жаңа жылына он күннен астам уақыт қалды. Сицзанның Лхаса қаласындағы Майжокунгар ауданының Жаңа жылдық базары қазірдің өзінде мерекеге бөленіп, базар аралаған адамдардың қарасы молайған.

Тәтті кәмпиттер, жаңа жемістер, құт белгілер, сапалы мыс шәугімдер, қытырлақ май нан, талғампаз тибет костюмдері және Розамедос (тибеттік жаңа жылдық гүл)... Мерекелік тауарлардың таңғажайып түрлері бас айналдырады. Барлық этникалық топ өкілдері дүңгіршектер мен дүкендер арасында сабылып, өздерінің сүйікті Жаңа жылдық тауарларын мұқият таңдауда. Олардың жүздеріндегі ынта-жігер қыстың шуақты күнімен жарасып, көпшіліктің өмірге жарқын құштарлығын көрсетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото