Батыс құрлық-теңіз жаңа дәлізінің 2026 жылғы алғашқы жүк пойызы жолға шықты (3)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 ақпан
Батыс құрлық-теңіз жаңа дәлізінің 2026 жылғы алғашқы жүк пойызы жолға шықты

2 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 31 қаңтарда вьетнамдық маниок крахмалы, индонезиялық сары май, Тайланд кокос шырыны және басқа да АСЕАН тағамдары тиелген Батыс құрлық-теңіз жаңа дәлізі пойызы Гуансидегі Цинчжоу портының шығыс теміржол вокзалынан баяу жолға шықты. Бұл 2026 жылы Гуансиден бағыт алған Батыс құрлық-теңіз жаңа дәлізінің мерекелік жүк пойызы. Шетелден кірген «Мерекелік дәм» Чунцин, Чэнду және басқа батыс аймақтарға жеткізіледі. Осылайша бұл өнімдер жаңа жылдық тауарлар нарығындағы трансшекаралық өнімдердің бірінші пердесін ашты.

Батыс құрлық-теңіз жаңа дәлізі -еліміздің батыс бөлігін АСЕАН және басқа ел-аймақтармен байланыстыратын үлкен жүк арнасы. Қазіргі уақытта тасымалдау санаты 1300-ден астам түрге өсті. Тасымал Қытайдағы 18 өлкені (регион, қалаларды), 75 қаланы қамтиды және әлемнің 127 елі мен аймағындағы 584 портқа жетеді. Тасымал қызметі шетелдің астық, май, азық-түлік және т.б. өнімдерімен еліміздің жаңа жылдық тауарлар нарығын байытады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото