2026 жылғы Көктем мерекесі тасымалы басталды (5)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 ақпан
2026 жылғы Көктем мерекесі тасымалы басталды

3 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы Көктем мерекесіне орай 2 ақпанда мереке тасымалы басталды. Мерекелік шара 13 наурызда аяқталады. 40 күн ішінде бүкіл ел бойынша халықтың аймақаралық қозғалысы 9,5 миллиард адамға жетеді деп күтілуде. Бұл рекордтық көрсеткіш болмақ.

Көктем мерекесі тасымалы дегеніміз – Қытайда әр жылы көктем мерекесі келген сайын, адамдар туған жерлеріне келіп, туыстарымен бас қосады немесе мереке демалысын пайдаланып туристік саяхатқа шығады. Биылғы көктем мерекесінің демалысы 15 ақпаннан 23 ақпанға дейін жалпы тоғыз күнге созылады. Мемлекет белгілеген демалыстан басқа, әр жұмыс орындарының беретін демалыс мерзімінің әр түрлілігінен және адамдардың ағыны мол болғандықтан, көктем мерекесінің тасымалы әдетте 40 күнге дейін созылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото