Ғарыш көбелегі! Чунцин университетінің ғарыштағы өмір экспериментінде жаңа жетістікке қол жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 ақпан
Ғарыш көбелегі! Чунцин университетінің ғарыштағы өмір экспериментінде жаңа жетістікке қол жеткізілді

3 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2 ақпанда Чунцин университеті жариялаған ақпаратқа сәйкес, жақында «Шэньнун Кайъу-2» шағын ғарыш экожүйесінің сынақ жүктемесі ғарышқа көтеріліп, орбитада сынақ миссиясын бастаған. Қайтарылған кескіндемеге қарағанда, жүктемедегі көбелек қабыршағын жарып, микрогравитациялық ортада сәтті ұшқан. Бұл жануарлардан, өсімдіктерден және микроорганизмдерден тұратын ұшқышсыз үш тізбекті тұйық контурлы экожүйеде және ғарыштың экстремалды ортасында қабыршақтан көбелекке дейін толық даму процесінен өткен «ғарыш көбелегі».

Бұл сынақ - университеттің «Шэньнун Кайъу-2» ғылыми-зерттеу тобы ғарыштың экстремалды жағдайында, қосымша радиациялық қорғаныс құралдарынсыз, температураны белсенді бақылаусыз және толық спектрлі жарықтандыруды пайдалана отырып өткізген батыл тәжірибесі. Осылайша ғарыштағы нақты орта жағдайында экстремалды ортада тіршіліктің өмір сүруін және материалдық айналым қабілетін тексерген. Суретте ғарыштағы өмір эксперименті жүргізілген көбелек түрінің үлгісі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото