Иу, Чжэцзян: «Болат түйе керуенмен» келген шетелдік жаңа жылдық тауарлар (6)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 ақпан
Иу, Чжэцзян: «Болат түйе керуенмен» келген шетелдік жаңа жылдық тауарлар

5 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Көктем мерекесі жақындаған сайын, әлемдегі ең ірі тауар тарату орталығы Чжэцзянның Иу қаласында Еуропадан оралған бірқатар Қытай-Еуропа пойыздары Испанияның қызыл шарабын, күнбағыс майы мен газдалған сусынын, Польшаның сиыр сүтін, француздың қызыл шарабы сияқты «шетелдік Жаңа жылдық тауарларды» Иуға уақытында жеткізіп, «мобильді еуропалық жәрменкенің» үлгісін көрсетті.

2026 жылдың 1-28 қаңтар аралығына дейін Иу Қытай-Еуропа пойызы 208 мәрте жолға шықты. Жіберілетін негізгі заттар - күнделікті қажетті бұйымдар, ақылды тұрмыстық техника, жаңа энергетикалық автокөлік бөлшектері, автомобиль қозғалтқыштары және т.б. Кері бағыттағы пойызға негізінен қызыл шарап, ветчина, сүт өнімдері, күнбағыс майы, косметика және т.б. тауарлар тиелді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото