- Барлық ақпарат
«Сәлем, Қытай!»: Астанада Қытай туризмін насихаттайтын іс-шара өтті
6 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- «Сәлем, Қытай!» Жібек жолындағы көктем - Қытай туризмін насихаттау іс-шарасы 4 ақпанда Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтті.
Іс-шараға Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь, ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің атқарушы төрағасы Нұрбол Байжанов, Қытай мен Қазақстанның мәдениет және туризм департаменттерінен, туристік компаниялардан, қонақ үйлерден, әуежайлар мен авиакомпаниялардан 100-ге жуық адам қатысты.
Іс-шара аясында тақырыптық фотокөрме, материалдық емес мәдени мұра бойынша интерактивті таныстырылымдар және қонақтарға арналған арнайы презентациялар ұйымдастырылды. 50-ден астам көркем фотосурет Қытайдың әсем табиғатын және терең тарихи-мәдени мұрасын айқын көрсетті. Бейжің батпырауығы, Сучжоу қант картиналары, полиграфия, хош иісті тұмарша тігу сияқты материалдық емес мәдени мұра өнерлері қазақстандық қонақтарға Қытай мәдениетінің қайталанбас тартымдылығын өз көзімен көріп, сезінуге мүмкіндік берді.
people.cn © People's Daily Online




