- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Көктем мерекесі қарсаңында әскерлердің жағдайын сұрады
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 ақпан

12 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 10 ақпан күні Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы, Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңдегі «Баи»(1 тамыз)ғимаратында бейнебайланыс арқылы бүкіл қарулы күштердің жауынгерлік дайындық кезекшілігі мен тапсырманы орындау жағдайын тексерді. Ол тиісті қосындардың жағдайын сұрады және Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті мен Орталық Әскери комитет атынан Халық азаттық армиясының командирлері мен жауынгерлерін, Қарулы полиция күштерінің офицерлері мен сарбаздарын, қарулы күштердің азаматтық қызметкерлерін, резервтегілер мен халық жасағы мүшелерін Көктем мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін айтты.

Фото: Синьхуа
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



