- Барлық ақпарат
Қазақстандық Михаил Шайдоров Қысқы олимпиада чемпионы болды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 ақпан

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жекелей бәсеке өз мәресіне жетті, деп хабарлайды KAZINFORM.
Еркін бағдарламада қазақстандық Михаил Шайдоров жарыс жолына шығып, сәтті өнер көрсетті.

Қорытындысында,, Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадағы 92.94 ұпай және еркін бағдарламадағы 198.64 ұпайды қосқанда 291.58 ұпаймен бірінші орыннан көрініп, қысқы Олимпиада ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



