- Барлық ақпарат
Астана жеңіл рельсті көлігінің 100-ден астам маманы Тяньцзиньде Қытай Жаңа жылын тойлады

17 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 16 ақпан күні Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл қарсаңы. Сол күні Қазақстанның Астана қаласынан келген 101 жеңіл рельсті техникаларын үйренушілері Тяньцзиньде Жылқы жылын тойлады.
«Жылқы қазақ мәдениетінде де ерекше маңызға ие. Қытайда Жылқы жылын тойлауға мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын. Жаңа жыл жылқы сияқты батыл әрі парасатты болсын деп тілеймін», - деді Астанадан келген жеңіл рельсті басқару мамандығы бойынша білім алушы Ерік.

Саздан жасалған мүсіндер, Янлюциннің жаңа жылдық суреттері, лак жағылған желдеткіштер, тұшпара жасау, қағаз ою және зырылдауықты сілкіп ойнау сияқты Тяньцзинь стиліндегі халықтық іс-шаралардан басқа, Тяньцзинь теміржол транзит тобы дәстүрлі қытай арыстан биін, Бейжің операсын және жекпе-жек өнері қойылымдарын да ұйымдастырды. Қазақстандық тағылымдамадан өтушілер «Қара жорға», «Жылқы» сияқты қазақ халық әндері мен билерін орындады. Сондай-ақ гитарамен ән айтылып, хор орындалып мерекенің мерейі асырылды.
people.cn © People's Daily Online



