Шыңжаңдағы құрлық портында шетелдік жолаушылар үшін шекарадан шыққанда салық қайтару қызметі іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 25 ақпан

25 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңдағы құрлық портында шетелдік жолаушылар үшін салық қайтару бойынша алғашқы қызмет ресми түрде Қорғас өткелінде ашылды.

Жібек Жолы Экономикалық белдеуінің негізгі аймағындағы маңызды өткел ретінде Қорғас портының халықаралық жолаушылар тасымалы жыл бойы жоғары деңгейде сақталып келеді. Статистикаға сүйенсек, 2025 жылы тек халықаралық жолаушылар терминалы тасымалдаған келушілер саны 309 800-ге жеткен. Жолаушылардың басым бөлігі Орталық Азиядан және көршілес елдерден келген іскерлік топтар мен саяхатшылар. Сондықтан ыңғайлы трансшекаралық тұтынуға сұраныс мол. Шетелдік жолаушылар үшін шекарадан шыққанда салық қайтару саясатын енгізу порттың кешенді қызмет көрсету функциясын одан әрі жақсартты. Осылайша шетелдік саяхатшылар қажетті тауарларды сатып алу кезінде салықты қайтаруға оңай өтініш бере алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото