Гуйчжоудың Хуацзян шатқалы көпіріндегі су пердесі желі қолданушыларын таң қалдырады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 25 ақпан

25 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Гуйчжоудың Аньшунь қаласындағы Хуацзян шатқалы көпірінің су пердесі бейне ертегі еліндегідей таңғажайып көрінеді. Бұл ерекше көрініс көпірді салу кезіндегі тосын жағдайдан туындаған.

Құрылыс кезінде жұмысшылар туннель қазып жатып, карст суының ағыны бар екенін байқайды. Оны ысырап етпеу үшін инженерлік топ көпір басына сыйымдылығы 4000 текше метр болатын жаңа су қоймасын салады. Қазіргі уақытта бұл су көзі көпірге қызмет көрсету нүктесінің қажетіне және айналадағы ауылшаруашылық жерлерін суаруға кепілдік беріп қана қоймай, артық су қорын ағытып, дайын су пердесіне айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото