- Барлық ақпарат
Қытай контейнерлік кемелердің бүкіл процесінің автоматты жұмысын жүзеге асырды

26 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында елдегі алғашқы коммерциялық пайдалануға берілген «Чжифэй» интеллектуалды навигациялық контейнерлік кемесі 21 ақпанда Шаньдун Циндао портының автоматтандырылған терминалдық айлағына автономды навигация режимі арқылы дәл тоқтады. Бұл Қытайдың автономды навигацияны, автоматты айлақ және контейнерлік кемені пайдалануды алғаш рет жүзеге асырғанын білдіреді. Бүкіл процесс автоматты түрде атқарылды.
«Чжифэй» қажетті орынға дәл тоқтағаннан кейін, вакуумдық типтегі автоматты матау жүйесімен жабдықталған вакуумдық сорғыш кемені орнықты ұстап тұрды. Процестің толық орындалуына адам күші қажет болмады. Кеме айлақта 30 секундтан аз уақыт ішінде мықтап орналасады.

Одан кейін терминалдың толық автоматтандырылған тиеу-түсіру жабдығы өз жұмысын тиімді бастады, тәуелсіз әзірленген терминалды интеллектуалды басқару жүйесі (A-TOS) және жабдықты интеллектуалды басқару жүйесі (A-ECS) үйлесімді жұмыс істеу арқылы автоматтандырылған көпір крандары мен көліктерді автоматты басқарып, контейнерлерді тиеу-түсіру жұмыстарын сәтті аяқтады.
people.cn © People's Daily Online



