Қытайдың жасанды интеллект қолдану көлемі алғаш рет АҚШ-тан асып түсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 ақпан

27 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Әлемдегі ең ірі AI моделінің API агрегация платформасы OpenRouter деректері 9-15 ақпан аралығындағы аптада 4,12 триллион Token қоңыраулар(қолдану) көлемімен қытайлық модельдер алғаш рет АҚШ модельдерінің 2,94 триллион Token мөлшерінен асып түскенін көрсетеді.

2026 жылдың 16-22 ақпан аралығындағы апталық рейтингтер көрсеткендей, платформадағы ең көп қоңырау шалынатын бес модельдің төртеуі қытайлық жеткізушілерден келген. Олар: MiniMax M2.5, Moonshot AI-дың Kimi K2.5, Zhipu-дың GLM-5 және DeepSeek-тің V3.2. Бұл төрт модель алғашқы бестіктің жалпы қоңыраулар көлемінің 85,7%-ын құрады.

OpenRouter платформасы әлем бойынша жүздеген ірі тілдік модельдерді біріктіреді және 5 миллионнан астам әзірлеуші пайдаланушысы бар. Бұл оны әлемдегі ең ірі жасанды интеллект моделінің API агрегация платформасына айналдырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото