- Барлық ақпарат
Шаньдунның Цзаочжуан қаласынан Өзбекстанға дейін халықаралық автомобиль көлігінің алғашқы бағыты ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 ақпан

27 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 25 ақпан күні жасыл өсімдіктер тиелген екі контейнерлік жүк көлігі Шаньдун өлкесінің оңтүстігіндегі Цзаочжуан шекарааралық электрондық коммерция инкубациялық паркінен жолға шықты. Бұл Цзаочжуаннан Өзбекстанға дейінгі халықаралық автомобиль көлігі бағытының ресми түрде іске қосылғанын білдіреді. Тауарлар партиясы автомобильмен тасымалданып, тікелей Шыңжаң порты арқылы елден шығып, Өзбекстандағы тұтынушыларға жетеді.
Жауапты тұлғаның айтуынша, TIR қызметі іске қосылғаннан кейін оннан астам жүк көлігі Ресейге, Орталық Азияның бес еліне, Оңтүстік-Шығыс Азияға және басқа да елдер мен аймақтарға жөнелтіліп, сыртқы сауда бизнесі кеңейеді.


(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



