- Барлық ақпарат
Қытайлық әйел бір жолда бес бала босанды

28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 ақпан күні Шыңжаңнан келген 24 жастағы әйел Уханьда сирек кездесетін бес сәбиді (бір ұл, төрт қыз) сәтті босанды. Медициналық мәліметтер бойынша, табиғи жолмен бір жолда бес балаға жүкті болу ықтималдығы 60 миллионнан бір рет қана кездесетін жағдай.
Бес бала тапқан ана Діли поликистозды аналық без синдромына шалдыққандықтан, жүкті болуы қиынға соққан. Өткен жылдың тамыз айында табиғи жолмен жүкті болғаннан кейін, оған қауіптілігі жоғары көп балалы жүктілік диагнозы қойылады. Өзге науқастардың кеңесімен ол Ухань университетінің Чжуннань ауруханасы туыт бөлімінің бас дәрігері доктор Ли Цзяфуға хабарласады. Доктор Лидің командасы жүкті әйелге кешенді бақылау жоспарын құрады.
Діли Шыңжаңға қайтқаннан кейін, аурухана көп салалы сарапшылар тобын құрып, ананың жүктілік бақылауын нақты уақыт режимінде онлайн тексеріп отырды.
Биылғы көктем мерекесі қарсаңында Діли Уханьға келіп, босануға дайындалады. Аурухана оны емдеу жоспарын жақсартып, тіпті алдын ала хирургиялық жаттығулар жүргізді.
25 ақпан күні кешке, жүктіліктің 29 аптасына жуықтап қалған Ділидің жатыр қабығының мерзімінен бұрын жарылуы байқалады. Аурухана дереу жедел жәрдем жоспарын іске қосып, 20-дан астам медицина қызметкері тез жиналып, ананы босандыруға кіріседі.
Операция 26 ақпан күні таңертең басталып, бес сәби аман-есен өмірге келді. Өте шала туған бес нәрестенің салмағы 870 грамнан 1030 граммға дейін. Жағдайлары қалыпты, олар жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөліміне ауыстырылған. Ал қазіргі уақытта босанған ана ширап қалды.


Фото:Сұхбат беруші
people.cn © People's Daily Online



