Қытай әлемдегі ең ірі алма өндіруші және тұтынушы ел

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 ақпан

28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай алма өнеркәсібі қауымдастығы мен Ұлттық алма өнеркәсібі технологиялық жүйесі бірлесіп жариялаған «Қытай алма өнеркәсібінің даму есебіне» сәйкес, «14-інші бесжылдық» жоспардан бері еліміз әлемдегі ең ірі алма өндіруші және тұтынушы ретіндегі орнын тұрақты сақтап келеді.

Алма мерзімді тауары әлемдегі алғашқы жаңа піскен жеміс мерзімді тауар өніміне айналды. Бұл еліміздің халықаралық баға жүйесіндегі біліктілігін айтарлықтай арттырды.

Есепке сәйкес, еліміздің жылдық алма өндірісі 51 миллион тоннадан асса, ал жылдық тұтыну 47 миллион тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта елімізде тәуелсіз зияткерлік меншік құқығымен 158 жаңа алма сорты өсірілуде. Ал жаңадан құрылған бақтардың 70%-ы заманауи және тиімді өсіру әдістерін қолдана отырып, отандық сорттарды пайдаланады.

Тікелей эфирдегі электрондық коммерция және трансшекаралық электрондық коммерция сияқты жаңа бизнес модельдерінің пайда болуы қытай алмаларының жаһандық деңгейде сатылуын жеделдетті. 2024 жылы жаңа піскен алма экспорты 980 900 тоннаға жетіп, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 23,24%-ға өсті; басқа (концентрацияланған) алма шырынының экспорты 5,877 миллиард юаньды құрап, көрсеткіш сәйкес уақытпен салыстырғанда 89,06%-ға жоғарылаған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото