Юньнань кофесі Ресей мен Орта Азия нарығын белсенді түрде кеңейтуде

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 ақпан

28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Куньмин кеден статистикасы бойынша, 2025 жылы Юньнаньнан 19 мың тонна кофе экспортталып, құны 860 миллион юаньды құрады. Экспорт көлемі мен құны бойынша бұл сала ел көлемінде тұрақты түрде бірінші орында келеді. Кофе Нидерланд, Вьетнам, Германия және тағы басқа 43 ел мен аймаққа экспортталады. Былтырғымен салыстырғанда Қырғызстан, Словения сияқты Орта Азия және Орталық-Шығыс Еуропа нарығы жаңадан қосылды. Еліміздегі кофе экспортының қырық пайыздан астамы осы Юньнань кофе өндіру аймағына тиесілі.

Қазіргі уақытта Юньнань кофе индустриясы біртіндеп шикізат жеткізуден тереңдетілген өңдеуге көшуде. Өткен жылы Баошаньдағы бір компания 17 жаңа өнім түрін дербес әзірледі.

Таулы аймақтың бірегей географиялық-климаттық жағдайына сүйене отырып, Юньнань бірнеше сапалы кофе дәндерін өсірді. Оның ішінде Баошань ұсақ түйірлі кофесі «жұлдызды өнім» қатарынан табылады. Баошань қаласы Гаолигун тауының ішкі бөлігінде және Нуцзян өзені алабында орналасқан. Өзен аңғарындағы құрғақ ыстық климат жергілікті ұсақ түйірлі кофе дәндеріне ерекше дәм береді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото