Қытай гуманоидты роботтар мен денедегі интеллектке арналған алғашқы ұлттық деңгейдегі стандартты жүйесін шығарды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 наурыз

2 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Бейжіңде гуманоидты роботтар мен денедегі интеллектті(Embodied AI)стандарттау бойынша жыл сайынғы конференция өтті. Конференцияда «Гуманоидты роботтар мен денедегі интеллектке арналған стандартты жүйе (2026 жылғы басылым)» шығарылды. Бұл Қытайдың гуманоидты роботтар мен денедегі интеллекттің бүкіл өнеркәсіптік тізбегі мен өмірлік циклі үшін жоғары деңгейлі стандартты дизайнды ұсынған алғашқы құжаты. Ол байланысты салалар үшін стандартталған дамудың жаңа кезеңін белгілейді. Стандартты жүйе негізінен алты бөліктен тұрады: негізгі жалпы стандарттар, ми тәрізді және ақылды есептеу стандарттары, дене мен компоненттер стандарттары, толық машина мен жүйе стандарттары, қолданба стандарттары, қауіпсіздік және этика стандарттары.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото