Биылғы қар-мұз туризмін таңдаған турист саны шамамен 360 миллионға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 наурыз
Биылғы қар-мұз туризмін таңдаған турист саны шамамен 360 миллионға жетті

3 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Енді ғана аяқталған қыс маусымында (2025 жылғы желтоқсан – 2026 жылғы ақпан) Қытайдағы мұз бен қар туризмін таңдаған турист саны шамамен 360 миллион адамға жеткен. Ал одан түсетін табыс 450 миллиард юаньды құрайды деп болжануда. Оның ішінде мұз бен қар туризмін негізгі саяхат ретінде таңдаған туристер саны 220 миллионды құраған. Қытай Туризмді зерттеу академиясы жариялаған «Қытайдың қар-мұз туризмінің даму баяндамасы (2026)» Қытайдағы халықтық қар-мұз туризмі тұрақты өркендеудің жаңа арнасын байқатқанын көрсетеді.

Тұрғын үйлерді брондау платформасы Tujia-ның деректері бойынша, 2025 жылдың 12 қазанынан 2026 жылдың 30 наурызы аралығында Чунли аумағындағы шаңғы курорттарында қонақүйлерді брондау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 60 пайызға өскен. Оның ішінде 1/5-ке жуығы 7 күн және одан да көп мерзімге тұруға арналған тапсырыстар. Бұл қар-мұз туризмінің қысқа мерзімді тәжірибеден ұзақ демалысқа ауысу үрдісін көрсетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото