Шыңжаңның Қорғас автомобиль жолы өткелінде «жылдам арна» іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 наурыз

3 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 1 наурыздан бастап Шыңжаңның Қорғас автомобиль жолы өткелінде құрлықтағы порттарға арналған «экспорттық тауар көліктері үшін жылдам арна» іске қосылды.

Негізінен экспорттық тауар көліктерінің жүргізушілеріне қызмет көрсетуге арналған бұл жаңа шара шекарадан өтушілерді тексеру тиімділігін арттыруға бағытталған. Мәлімет бойынша, Шыңжаңның Қорғас автомобиль жолы өткелінде іске қосылған «жылдам арна» бұрынғы «бір терезе» тексеру жолының негізінде жылдам тексеру құрылғыларымен жабдықталып, жүргізушілердің «адам жұмыс істейтін терезе кезегінен» «арна ішіндегі өзіндік тексеруге» ауысуын жүзеге асырды.

Қорғас - Қытайдың ең ірі тауар көліктерін экспорттайтын құрлықтағы өткел. Күн сайын 1000-нан астам тауар көлігі Қорғас бекеті арқылы кедендік декларациядан өткеннен кейін Қазақстан, Өзбекстан және басқа елдерге жөнелтіледі. 2025 жылы Қорғас өткелі арқылы экспортталған көліктер саны 450 мыңға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 6,9 пайызға өсіп, тарихи рекорд жаңартты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото