- Барлық ақпарат
Еліміз ең ірі көлемді модельдер шығарылған елге айналды

3 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша еліміз 1500-ден астам салалық модель шығарып, әлемде көш бастады. Бұл 50 негізгі салалық секторды және 700-ден астам ортаны қамтиды. 2025 жылдан бастап өндіріс саласында ірі көлемді модельдерді қолдану айтарлықтай өсімге қол жеткізді, қолдану жағдайларының үлесі оның алдындағы жылғы 19,9%-дан 25,9%-ға дейін өсті, бұл жасанды интеллект саласы ауқымының тез өсуіне ықпал етті. Жасанды интеллект өнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім беру және көлік сияқты ұлттық әл-ауқат үшін маңызды салаларда шешуші рөл атқарды.
Сонымен қатар, Қытай интернет желісінің ақпараттық орталығы (CNNIC) жариялаған 57-інші «Қытайдағы интернетті дамыту туралы статистикалық есепке» сәйкес, 2025 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша елімізде 602 миллион жасанды интеллект пайдаланушысы болды, бұл 2024 жылдың соңымен салыстырғанда 141,7%-ға өскен; ал жалпыласу деңгейі 42,8%-ға жетіп, сәйкес уақытпен салыстырғанда 25,2 пайыздық тармаққа айтарлықтай жоғарылады. Генеративтік жасанды интеллект өндіріске және күнделікті өмірге тез еніп, еліміздің экономикасы мен қоғамының сандық және интеллектуалды трансформациясын ілгерілетудің маңызды қозғалтқышына айналып келеді.
2025 жылға қарай елімізде 6000-нан астам жасанды интеллект компаниялары болды, ал негізгі саланың көлемі 1,2 триллион юаньнан асады деп болжанып отыр. Сонымен қатар еліміздің интеллектуалды есептеу қуаты секундына 1590 квадриллион рет есептеу операцияларынан асады.
Соңғы жылдары еліміз жасанды интеллект саласындағы негізгі зерттеулерін үнемі нығайтып келеді, жасанды интеллект бойынша ғылыми мақалалардың саны мен сапасы әлемдегі ең жоғары деңгейлердің қатарына кіреді. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы 2025 жылы жариялаған деректер еліміздің жасанды интеллект патенттерінің әлемдегі ең ірі иегеріне айналып, 60%-ды құрағанын көрсетті.
people.cn © People's Daily Online



