2025 жылы Қазақстанның теңіз порттары арқылы 8 млн тонна жүк өткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 4 наурыз

Фото: «Ақтау теңіз порты»

Фото: «Ақтау теңіз порты»

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның теңіз порттары арқылы жүк ауыстырып тиеу көлемі 8 млн тоннаға жетті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министр Олжас Бектенов «Казахстанская правда» газетінде жарияланған мақаласында мәлімдеді.

Мақалада «2025 жылдың қорытындысы бойынша порттар арқылы жүк өткізу көлемі 8 млн тоннаға дейін өсті. Контейнерлік тасымалдар 90 мың бірліктен асты. Салыстыру үшін айтсақ, 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 60 мың контейнер болған», – деп жазылған.

ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, Қазақстанның теңіз порттарының жиынтық өткізу қабілеті қазір 22 млн тоннаны құрайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото