- Барлық ақпарат
Қазақстан 2026–2035 жылдарға арналған биоәртүрлілікті сақтау тұжырымдамасын қабылдады

Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Үкіметі биологиялық әртүрлілікті сақтау және оны орнықты пайдалану жөніндегі тұжырымдаманы қабылдады.Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Хабарға сәйкес, бұл – табиғатты қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру және биоәртүрлілікті ұтымды пайдалану саласындағы Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат.
Тұжырымдама 2050 жылға қарай табиғатпен үйлесімділікті қалпына келтіруге бағытталған Куньмин–Монреаль жаһандық биоәртүрлілік бағдарламасының ауқымды мақсаттарын іске асырудың негізі болып табылады.
Тұжырымдама Қазақстанның игілігі мен орнықты дамуының негізі ретінде табиғи байлықты сақтау жолындағы басты бағдарға айналады.
Жалпы, 2035 жылға қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың көлемін 31 млн гектардан 33,2 млн гектарға дейін ұлғайту көзделген.
Қолда бар ормандарды сақтай отырып және орман өсімдіктерін отырғызу көлемін ұлғайту арқылы Қазақстанның орманмен қамтылған аумағын 14,7 млн гектарға жеткізу жоспарлануда (қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 13,9 млн гектар).
Бұл ретте Тұжырымдамада Қызыл кітапқа енген жануарларды сақтауға және олардың санын тұрақты түрде арттыруға бағытталған бірқатар іс-шара қарастырылған. Бағыттар өсімдіктер дүниесі бойынша ауқымды жұмыстарды, сондай-ақ жайылымдардың тозуы сияқты өзекті мәселені қамтиды.
people.cn © People's Daily Online



