Қытайдың тікелей эфир электронды коммерциядағы тауар айналымы көлемі 2025 жылы 5 триллион юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 4 наурыз

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында жарияланған «2025 жылғы тікелей эфирдегі электронды коммерция саласы дамуының ақ кітабында» тікелей эфирдегі электронды коммерцияның дамып келе жатқан электронды коммерция форматы ретінде соңғы жылдары қарқынды өсімге қол жеткізіп, Қытайдың тұтыну нарығына күшті серпін бергені көрсетілген. Ұлттық статистика бюросының деректері 2025 жылы Қытайдың нақты тауарлардың онлайн бөлшек саудасы 13,092 3 триллион юаньға жетіп, 5,2%-ға өскенін, бұл тұтыну тауарларының жалпы бөлшек саудасының 26,1%-ын құрағанын көрсетеді.

Мәліметтерге сәйкес, 2019 жылдан 2024 жылға дейін Қытайдың тікелей эфирдегі электронды коммерциясының нарықтық көлемі 12 еседен астам өсіп, бұл 2024 жылы электронды коммерцияның өсу қарқынының 80%-ын құрады. 2025 жылы тікелей эфирдегі электронды коммерцияның жалпы тауар сауда көлемі 5 триллион юаньнан асып, бұл онлайн бөлшек сауданың шамамен үштен бір бөлігін құрайды, ал саланың пайдаланушылар ауқымы 660 миллионға жетті. Қазіргі уақытта Қытайда тікелей эфирге байланысты 2,5696 миллион кәсіпорын бар.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото