- Барлық ақпарат
Оңтүстік Шыңжаң шөліндегі жасыл желектер
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 наурыз

5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 3 наурыз күні Такламакан шөлінің оңтүстік етегіндегі Шыңжаңның Куньюй қаласында 8200 мудан астам күздік бидай көктеді. Қазіргі бидайдың өніп, көктеуінің деңгейі 90%-дан асты. Жергілікті аймақта бағыттағыш типті бүркіп суаруды қолдану арқылы дәл бақылау жүзеге асырылып, «аз көлемді жиі суару, бір мезгілде су мен тыңайтқыш беру» жалпыласты. Бұл дәстүрлі суды бұрып суарумен салыстырғанда, бір муға 20-30 текше метр су үнемдеуге мүмкіндік берді. Тиімді суды үнемдейтін ауыл шаруашылығы техникасы Такламакан шөлінің оңтүстік баурайын құмды төбешіктерден жасыл алқаптарға айналдырып, шөл даланы құнарлы жерге өзгертті.




(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



