- Барлық ақпарат
Қытайдың ең ірі көмір жынысты газ кен орындарының жылдық өндірістік қуаты 4 миллиард текше метрден асты

5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шаньси өлкесінде орналасқан Қытайдың ең ірі көмір жынысты газ кен орны — Дацзи газ кен орнының жылдық өндірістік қуаты 4 миллиард текше метрден сәтті асып, Қытайдағы табиғи газбен қамтудың маңызды жаңа көзіне айналды.
Көмір жынысты газ дегеніміз жер асты көмір қабаттарының терең қатпарына жасырынған дәстүрлі емес табиғи газ ресурсы. Оның даму технологиясы жоғары талаптарды қажет етеді. Бұрын бұл «тыйым салынған аймақ» болып саналатын. Дацзи көмір жынысты газ кені Қытайдың алғашқы көмір жынысты газ демонстрациялық аймағы болып табылады, оның орташа тереңдігі 2000 метрден асады. Осы жылдан бастап жаңа тау-кен технологиялары мен қуаттылықтың арқасында газ кен орындарының тәуліктік өндірісі 11 миллион текше метрге ұлғайды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға жоғары.
people.cn © People's Daily Online



