- Барлық ақпарат
Өміршеңдікке толы Шанхай
6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхайда өміршеңдік көптеген жолдармен көрінеді: Яншань портының релсті крандары күндіз-түні жұмыс істейді; Луцзяцзуйдегі сауда экрандарында сандар тоқтаусыз өзгеріп отырады; ғылыми-технологиялық парктерде инновациялық өнімдер үздіксіз шығып жатады.
Өміршеңдік Қытай және Батыс мәдениеттерінің тоғысуында да жасырынған; ол «15 минуттық қоғамдастық өмір шеңбері» әкелген ыңғайлылық пен жайлылықта көрініс табады; ол тұрғындардың ескі өмір сүру ортасымен қоштасқаннан кейінгі қамқорлығында байқалады.
Ең бастысы, өміршеңдік осы қалада тоқтаусыз еңбек етіп жатқан сансыз арманшыл жандардың тынымсыз ізденісінен көрінеді.
Шанхай қалалық үкіметінің ақпарат кеңсесі мен онлайн «Халық Газеті» бірлесіп түсірген «Өміршеңдікке толы Шанхай» атты қала бейнесін насихаттау бейнебаяны ресми түрде жарияланды. Бейнежазбада Шанхайдың «өміршеңдігінің» бай мазмұны бірнеше жақтан көрсетілген.

people.cn © People's Daily Online



