- Барлық ақпарат
Қытай әуе компаниялары Орта Шығысқа қатынайтын кейбір рейстерді қалпына келтірді
6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Орта Шығыстағы бірқатар елдің әуе қатынасы елеулі әсерге ұшырады. Қауіпсіздікті негіз ете отырып, қытайлық әуе компаниялары Орта Шығысқа қатынайтын кейбір рейстерін қалпына келтірді.
Белгілі болғандай, 2 және 4 наурызда Hainan Airlines әуе компаниясының Хайкоу-Сауд Арабиясының Джидда қаласы бағыты бойынша екі жақты рейстері орындалды. Air China әуе компаниясы 5, 6 және 7 наурызда Бейжің-Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласы бағыты бойынша, ал 6, 7 және 8 наурызда Бейжің-Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласы бағыты бойынша бір-бір рейс орындауды жоспарлап отыр. China Eastern Airlines әуе компаниясы 5 наурызда Бейжің-Оманның Маскат қаласы бағыты бойынша бір рейс орындауды жоспарласа, China Southern Airlines әуе компаниясы 6 наурызда Гуанчжоу-Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласы бағыты бойынша бір рейс орындауды жоспарлап отыр.
people.cn © People's Daily Online



