Янцзы өзені атырауындағы Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының саны 2026 жылдың алғашқы екі айында айтарлықтай өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 6 наурыз

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай теміржолы Шанхай бюросы тобы компаниясының 5 наурыз күні жариялаған мәліметтеріне сәйкес, 2026 жылдың алғашқы екі айында Янцзы өзенінің атырауы темір жолы жүргізетін Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының саны ұлғайып, жалпы 525 пойыз қатынап, 55 000 TEU тасымалданған. Көрсеткіш сәйкес мезгілмен салыстырғанда 20%-дан артық жоғарылады.

Статистикаға сәйкес, 2013 жылдан 2025 жылдың соңына дейін Янцзы өзенінің атырауы темір жолы 32 000-нан астам Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойыздарын жүргізді. Оның 16 000-ға жуығы Еуропаға, ал 16 000-нан астамы Азияға бағытталған. Қытай-Еуропа (Орталық Азия) бағытындағы алғашқы жүк пойызы 2013 жылы Янцзы өзенінің атырауынан жолға шыққаннан бері, іске қосылған бағыттардың саны 1-ден 15-ке дейін өсіп, Еуразиядағы 36 елге жетті.

2025 жылдың соңына қарай Янцзы өзенінің атырауынан шыққан Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойыздары Қазақстанның Астана қаласына 9 күнде, ал Германияның Гамбург қаласына 15 күнде жете алады. Бұл ретте тасымалдау уақыты теңіз тасымалының шамамен үштен бір бөлігін, ал тасымалдау бағасы әуе тасымалының шамамен бестен бір бөлігін құрайды. Дәстүрлі ұсақ тауарлар мен электронды өнімдерден басқа, тоқыма бұйымдары, автомобильдер мен бөлшектер, машиналар мен жабдықтар, жиһаз жүктері көбейіп келеді. Қайтар жолда Еуразия елдерінен азық-түлік, киім-кешек, косметика, ағаш және минералды өнімдер сияқты жоғары сапалы тауарлар, сондай-ақ автомобиль бөлшектері, машиналар мен жабдықтары сынды құны жоғары тауарлармен елге келіп жатыр.

Янцзы өзенінің атырауынан шығатын жүк санаттарына қарасақ, оның да заңдылықтары бар, олар: Чжэцзян өлкесінің Иу қаласынан тиісті еуропалық елдерге негізінен ұсақ тауарлар тасымалданады; Сучжоудан Германияның Гамбург және Польшаның Варшаваға негізінен электронды өнімдер мен тұрмыстық техника тасымалданады; ал Хэфэйден Германияның Гамбург қаласына негізінен ақ түсті тұрмыстық техника мен механикалық бұйымдар жеткізіледі. Кері қайтатын Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойыздары да Янцзы өзені атырауының импорттық шикізат тасымалдау қуатын арттыруда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото