- Барлық ақпарат
Шаньдунның Циндао қаласындағы әлемдегі құрылыс ауқымы бойынша ең ірі су асты туннелі
![]() |
9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 8 наурыз, Циндао Цзяочжоу шығанағының №2 туннелі жобасының құрылысы қызу жүріп жатыр. Бұл жоба – әлемдегі құрылыс ауқымы бойынша ең ірі, ұзындығы бойынша ең ұзын әрі кешенді іске асыру қиындығы бойынша ең күрделі су асты жол туннелі. Құрылыста ашық әдіс, қалқандық бұрғылау (TBM) және бұрғылау-жару әдістерінің комбинациясы қолданылады. Жобаның негізгі желісінің оңтүстік желісінің қалқандық бұрғылау бөлігін Қытай Теміржол он төртінші бюросы тобы жүзеге асырады. Мұнда «Хайтянь» маркалы аса үлкен диаметрлі қалқандық бұрғылау кешені қолданылып, онымен туннельді қазу, төсем орнату, қалдықты шығару секілді интеграцияланған жұмыстар орындалады. Бұл терең теңіз түбінде «құрастырмалы блоктарды жинау» секілді дәлме-дәл құрылыс жүргізгенмен бірдей.
people.cn © People's Daily Online




