Шыңжаңның ерекше био-гликопептид қоры жобасы Үрімжіде іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 наурыз

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурызда Шыңжаңның ерекше био-гликопептид қоры жобасы Үрімжіде ресми түрде іске қосылды.

Жоба Үрімжі экономикалық-технологиялық даму аймағында орналасып, ауданы 4000 шаршы метрден асатын ғылыми-зерттеу орталығын салу, 5 арнайы зертхана құру және 100 адамдық топ жинақтау жоспарланып отыр. Мақсат – Шыңжаңның ерекше ресурстарына негізделе отырып, ел ішіндегі тұңғыш интеграцияланған ерекше био-гликопептид қорын құру және толық өндірістік тізбекті жасақтау.

Мәлімет бойынша, гликопептидтер – полисахаридтер мен ақуыздардың қасиеттерін біріктіретін, иммундық реттеу сияқты қызметтері бар белсенді заттар. Шыңжаң құрма, итмұрын, шырғанақ секілді гликопептидтерге бай шикізаттарға толы мекен, сондай-ақ жер ресурстары да мол. Гликопептид өнеркәсібін дамыту ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттырып қана қоймай, ауылды жандандыру ісіне де үлес қосады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото