Хэнаньда бидай көшеттерінің жай-күйі жақсарып келеді (4)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 13 наурыз
Хэнаньда бидай көшеттерінің жай-күйі жақсарып келеді

13 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Көктемгі Юйдун жазығындағы жоғары стандартты егістіктер көгеріп тұр. Қатар-қатар орналасқан бидай алқаптарында жап-жасыл бидай қаулап өсіп жатыр.

Хэнань өлкесінің Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер департаментінің соңғы тексеру нәтижесі бойынша, қазіргі уақытта бүкіл өлке бойынша бірінші және екінші санаттағы бидай көшеттерінің үлесі 82,8%-ға жетіп, қыс алдындағы көрсеткіштен 35,4 пайыздық тармаққа өсті. Көшеттердің жай-күйі жылдам жақсарып келеді. Өлкеде «Көктемгі баптауды күшейтіп, апатқа қарсы тұрып, жаздық астықтан мол өнім алу үшін 140 күндік күрес» іс-шарасы дәйекті түрде іске асырылуда. Шараларды алдын ала қолдану, ғылыми тәсілдерді пайдалану, жетекшілікті күшейту арқылы көктемгі егістік баптауын мұқият жүргізіліп, әлсіз көшеттердің жақсаруы мен өсуіне ықпал етіп, жаздық астық өндірісіне берік негіз қалануда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото