Қазақстанның Астана қаласында Наурыз мейрамына арналған ауқымды іс-шаралар өтуде (2)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 наурыз
Қазақстанның Астана қаласында Наурыз мейрамына арналған ауқымды іс-шаралар өтуде

Қазақстанның елордасында Наурыз мейрамына арналған ауқымды іс-шаралар қаланың барлық негізгі алаңдарында жалғасып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Негізгі алаңдарда ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдары ұсынылатын фуд-корттар мен жәрмеңкелер жұмыс істейді, шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, ұлттық салт-дәстүрлер көрсетілуде. Спорт әуесқойлары үшін қазақша күрес, садақ ату, гір спорты, қол күресі, асық ату бойынша жарыстар өткізіліп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.

Дәстүрлі ойын-сауықтармен қатар, биыл Астана тұрғындары мен қонақтары алғаш рет роботтар мен жасанды интеллект элементтері бар ерекше интерактивті аймақтарды тамашалай алады. Қонақтар цифрлық іс-шараларға қатысып, инновациялардың ұлттық дәстүрлермен қалай үйлесетінін көре алады.

«Наурызнама» онкүндігі аясында Астанада 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото