- Барлық ақпарат
Гуанчжоу жаңа әуежайының құрылысы басталды (3)
26 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 25 наурызда Гуанчжоу жаңа әуежайы жобасының құрылысы Гуандун өлкесінің Фошань қаласындағы Гаомин аумағында басталды. Бұл әуежай Юэганъао (Гуандун-Сянган-Аомэнь) үлкен аймағының жаңа авиациялық торабына айналады.
Таныстырылым бойынша, Гуанчжоу жаңа әуежайы жобасының жалпы инвестициясы 41,808 млрд юаньды (шамамен 5,7 млрд АҚШ долларын) құрайды, оның ішінде әуежай құрылысына 35,909 млрд юань жұмсалады. Арақашықтығы үлкен екі параллель ұшу-қону жолағы жобаланған, құрылыс ауданы шамамен 260 000 шаршы метрді құрайтын әуежай терминалы салынады. Бұл объектілер жылдық жолаушылар тасымалы 30 млн адамға, жүк-пошта тасымалы 500 000 тоннаға және ұшақтардың ұшу-қону саны 260 000 ретке дейін жетуіне есептелген.
Білгеніміздей, Гуанчжоу жаңа әуежайы пайдалануға берілгеннен кейін Гуанчжоу Байюнь халықаралық әуежайымен үйлесімді дамып, өзара функциялық толықтырулар жасай отырып, тиімді және көп түрлі көлік торабын құрады.
people.cn © People's Daily Online




