- Барлық ақпарат
Қызыл құтанның мекені – құстардың әсем қимылы (5)
1 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жыл сайын көктемде «Қызыл құтанның мекені» атанған Шэньси өлкесінің Ханьчжун қаласындағы Янсянь ауданында қызыл құтанның көбею маусымы басталады. Ұлттық деңгейдегі Қызыл құтанды қорғау қорығының жасанды өсіру орталығы және оның маңындағы ауылдардың қоршаған ортасы рапс гүлдерімен және егістіктермен көмкерілген, орман арасында қызыл құтандар ұя салуға арналған бұтақтарды тістеп ары-бері ұшып, қорек іздеп, асыр салып жүргені жиі көзге түседі.
Қызыл құтан – әлемде жойылып бара жатқан құстардың бірі және «Шығыстың асыл тасы» атанады. 1981 жылы Қытай ғалымдары Янсянь ауданынан әлемде сақталған 7 жабайы қызыл құтанды байқады. Содан бері 45 жыл ішінде олар мекендейтін ортаны қалпына келтіру, жасанды өсіру және халықтың белсенді қатысуы арқылы Янсянь ауданында қызыл құтандарды қорғау мен олардың санын көбейту жұмыстары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Жергілікті экологиялық орта үнемі жақсарып, адамдар мен құстар бірге өмір сүріп, табиғатпен үйлесімділіктің көркем көрінісі қалыптасты.
people.cn © People's Daily Online




