- Барлық ақпарат
«Аспандағы жүк көлігі» ұзақ Чанъин-8 сынақтан сәтті өтті (4)
1 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 31 наурызда Қытай дербес жасап шығарған Чанъин-8 ірі көліктік ұшқышсыз ұшақ Чжэнчжоу қаласының бір әуежайында алғашқы сынақ ұшуын сәтті орындап, әртүрлі жүйелердің негізгі сынақтарын табысты аяқтады. Осылайша ол әлемде сынақ ұшуын сәтті өткізген ең үлкен көліктік ұшқышсыз ұшақ атанды.
Чанъин-8 ірі көліктік ұшқышсыз ұшағының ұшу кезіндегі салмағы 7 тоннаны, жүк көтеру қабілеті 3.5 тоннаны құрайды. Ол 15 минут ішінде жүк тиеу-түсіру жұмыстарын аяқтай алады, ең ұзақ ұшу қашықтығы 3000 шақырымнан асады. Сонымен қатар ол ең қысқа болғанда 200 метрлік қысқа қашықтан ұшып, қона алу қабілетіне ие. Болашақта бұл ұшақ ішкі аймақтық авиациялық логистика, жедел апаттық құтқару, су тасқынының алдын алу және зардаптарды жою секілді салаларда қолданылады.
people.cn © People's Daily Online




